21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

Түркістандық полицейлер сыбайлас-жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиналыс өткізді

Сыбайлас жемқорлық — заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Ал бұның алдын алу үшін заң аясында маңызды жұмыстар атқарылып, түрлі шаралар қолға алынуда. Бұл тұрғыда полиция қызметкерлері де белсенділік танытуда.

Осыған орай Мақтаарал АПБ-ның мәжіліс залында маңызды жиналыс өтті. Бұл жиынға басшы құрам мен жеке құрам түгел қатысты. Онда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2023 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде сыбайлас жемқорлықты дер кезінде анықтауға және жұмыстан шығаруға мүмкіндік беретін адалдықты тексеру аясында сөз қозғалды.

Сонымен қатар мақтааралдық полицейлер «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ҚММ-нің дінтанушы теолог ғалымдары мен имамдарының қатысуымен рухани тәрбиелік маңызы зор шаралар жиі өткізеді. Пара берушімен күрес, полицияның оң имиджін қалыптастырудың бірден-бір негізі. Осы мәселе аясында тәртіп сақшылары тұрғындарды аралап ,түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізіп, арнайы жедел кеңесте үнемі талқыланып отырады.

Ұқсас ақпараттар

БИЫЛ 190 НЫСАНДА ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАДАҒАЛАДЫ

smarttop

БИЫЛ 900-ГЕ ЖУЫҚ ЖАС АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру