9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Дәурен Жүрсінбаев: «Бір сөзбен айтқанда біздің қызметкерлер – әмбебап полицейлер.»

Жас та болса өзінің біліктілігімен, көшбасшылық қабілетімен зор беделге ие болып жүрген 30 жастағы полиция капитаны Дәурен Бекенұлы Жүрсінбаев. Ол Түркістан облысы Полиция департаменті Түркістан қалалық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі патрульді полиция ротасының взвод командирі болып 2020 жылдан бері тыңғылықты жұмыстар атқарып келеді.
-Қаламыз облыс орталығы болғалы күннен-күнге көркейіп келеді. Қала ауқымы кеңейген соң халық саны артып, көлік қозғалысы күрделене түсетіні бегілі. Енді қала тәртібіін бақылауда ұстауда оңайға түспейді. Бірақ біз үшін ең маңыздысы – адам өмірі. Сондықтанда кейде демалыссыз жұмыс істеуге де тура келеді. Бұған қоса біз барлық бағытта жұмыс жасайтындықтан, қылмыскерлерді құрықтау, жаппай тәртіпсіздікке жол бермеу кезінде де патрульді полиция қызметкерлерінің атқаратын рөлі зор. Бір сөзбен айтқанда біздің қызметкерлер – әмебап полицейлер.
Полиция саласындағы қызметін 2014 жылы шымкент қаласында патрульді полицей болып бастаған Дәурен бір жылдан соң Ордабасы ауданындағы көші-қон қызметінің жұмысына белсене кірісті. Өзіне берілген тапсырманы мүлтіксіз орындап, 5 жыл ішінде нақты нәтижелерге қол жеткізді. Тіпті 1 жыл бойы көші-қон қызметінің бар жұмысын өз жауапкершілігіне алып, басшылық міндетті де абыроймен атқарды.
-Әр саланың өз ерекшеліктерімен бірге қиындықтары да болады. Көші-қон саласында құжаттандыру жұмыстары көп жүргізілетіндіктен аса мұқият болып, шетел азаматтарының келуін бақылап, оларға мемлекеттік қызмет көрсету керек. Басты міндет – заңсыз мигранттармен күрес жүргізу.
Міне енді полиция капитаны 6 жылда жинаған тәжірибесін патрульді полиция саласында пйдаланып, өзінің әмбебап сақшы екенін дәлелдеуде. Әрине бұл саланың қызмет ауқымы кең. Көлік жүргізу тәртібінүнемі бақылауда ұстап, қауіп-қатерге жол бермеу, оқыс оқиғалар кезінде шапшаң қимылдап, тез шешім қабылдау сынды әрекеттерге әрқашан дайын болу қажет. Ал қызметкерлердің жүйелі жұмыс атқаруы тікелей взвод командирінің қарім-қабілетін байланысты.
-Менің қарамағымда қазіргі таңда 30 полицей қызмет атқарады. Бәріне жауапты өзім болғандықтан күнделікті саптық жиын өткізген сайын әр қызметкерге жұмысының негізгі қағидатын қайталап естеріне салып отырудан жалықпаймын. Өз қоластымдағыларға беретін ең бірінші тапсырмам қала тұрғындарымен де, көлік жүргізушілерімен де жақсы тіл табысу. Азаматтар тарапынан қандай да бір құқықбұзушылық орын алған жағдайда бәрін заңда көрсетілген баптарға сай сауатты түрде түсіндіріп, шара қолдану. Яғни халықтың бұл жасалынған әрекеттер тек өздерінің қауіпсіздігі үшін жасалып жатқандығын саналы түрде ұғынғаны маңызды.
Қол астындағы қызметкерлерге сыйлы азамат басшылықтан берілген тапсырманы мүлтіксіз орындауға әрқашан дайын. Не дегенмен оның мойнына артылған жүктің салмағы ауыр. Өзінің салмақты мінезімен дараланып, әр іске байсалды қарай білетін әмбебап сақшы жұмысына зор құлшыныспен кіріседі. Бұған қоса осындай қызметі үшін басшылық тарапынан алған марапаттары да аз емес. Ендеше командирдің өзінің абырой-беделіне сай қызметін адал атқарып, бұданда зор жетістіктерге жетуіне тілекшіміз.

Ұқсас ақпараттар

ЕУРОПАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТЕР ТҮРКІСТАННЫҢ СӘУЛЕТІН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

smarttop

ҚАРАТАУ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ ТАПШЫЛЫҒЫН БОЛДЫРМАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУДА

smarttop

Пікір қалдыру