16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Түлкібастық полицейлер атқарған адал қызметтері үшін мереке қарсаңында марапатталды

Түлкібас ауданының полиция қызметкерлері «Отан қорғаушылар күні» мен «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына» орай мәдениет үйінде ардагерлер мен жеке құрам қызметкерлері үшін салтанатты шара ұйымдастырды. Шараға Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Марат Жанисен, Түлкібас ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Бекарыс Сұлтанов, Түлкібас ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қанат Түймебаев, Түлкібас ауданы полиция бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы Сауранбек Таңатбаев және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Іс-шара барысында атқарған қызметтері еленіп, бірқатар тәртіп сақшылары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Жиынға келгендер полицейлерді мерекемен құттықтап, олардың қызметтеріне табыс тіледі. Шара соңында мәдениет үйінің өнерпаздары тәртіп сақшыларына арнап, мерекелік концерт қойды. Сонымен қатар, осы мереке қарсаңында полиция лейтенанты Нұрлан Еламанов, полиция капитаны Аида Сарсепбаева, Түлкібас ауылдық әкімшілігінің маманы Анара Қалдарбекова, Түлкібас ауданының тұрғындары 1936 жылы туылған тыл ардагері Шәріп Егембердиев, 1933 жылы туылған тыл еңбеккері Еспен Мамбетов атамыздың үйіне барып, мерекемен құттықтап, оларға бағалы сыйлықтар табыстады. Өз кезегінде тыл ардагерлері полиция қызметкерлеріне өздерінің алғыстарын айтып, баталарын берді.

Ұқсас ақпараттар

800 000 теңгенің электр сымдарын ұрлаған күдіктілер ұсталды

smarttop

ШЫМКЕНТ: ЖӘРМЕҢКЕДЕ ӨНІМ 15-20 ПАЙЫЗҒА АРЗАН САТЫЛДЫ

smarttop

“ШЫМКЕНТ – ЦИРКІ” ҰЖЫМЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ МОЛ

smarttop

Пікір қалдыру