6.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ПОЛИЦЕЙЛЕР ІРІ КӨЛЕМДЕ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРКІЛЕРДІ ТЕЛЕГРАМ АРҚЫЛЫ ӨТКІЗІП ЖҮРГЕН ЖАС ЖІГІТТІ ҰСТАДЫ

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері шалбарының қалтасына және бірнеше жерге топыраққа көміп есірткі сақтаған, оған қоса Телеграм арқылы сатқан ер адамды ұстады. Ер адамнан айғақты зат ретінде 50-ден астам полиэтилен пакетке салынған синтетикалық есірткі алынды. Нақтырақ айтар болсақ, облыстық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күнделікті есірткі қылмысын анықтап, жолын кесу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Осы бағытта кезекті жедел уәкілдермен тыңғылықты атқарылған шұғыл іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, Шымкент-Самара тас жолының бойында «Тойота» автокөлігі тоқтатылды. Көлік ішіндегі жолаушыға тінту жүргізу барысында, оның шалбарының сол қалтасынан 36 дана сары түсті изолентаға оралған есірткі затына ұқсас ұнтақ табылып, тәркіленіп алынды. Сондай-ақ ұсталған жас жігіттің телефонын қарау барысында «Телеграм» әлеуметтік желісі арқылы есірткі сатумен айналысқаны белгілі болды. Тиянақты тексеру кезінде, күдіктінің Түркістан қаласы аумағында «синтетикалық есірткі» салынған орамаларды өзі белгілеген жерге көміп, сол арқылы сататыны анықталды. кеткені анықталды. Сезікті ер азамат 15 дана ораманың көмілген орнын көрсетті. Осылайша шымкенттік күдіктіден ішінде синтетикалық есірткіге ұқсас заты бар 53 дана орама алынып, сот-химиялық сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес тәркіленіп алынған есірткі жалпы салмағы 50 грамнан астам «мефедрон» синтетикалық есірткісі екені анықталды.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдікті, яғни Шымкент қаласының тұрғыны, жас жігіт қамауға алынды.

Түркістан облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымы мен таралуына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

ЖОЛДАУДЫҢ ТҮПКІ МАҚСАТЫ – ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК ОРНАТУ

smarttop

ЖАСТАР — ҚОҒАМДАҒЫ ЕҢ НЕГІЗГІ ҚОЗҒАУШЫ КҮШ

smarttop

ЕГЕМЕНДІК МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру