4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Полицейлер бес бірдей тұрғынның атынан микроқаржыдан несие рәсімдеген алаяқты құрықтады

Түлкібас АПБ-ға 5 бірдей жергілікті тұрғын арызданған. Олар өз шағымында алаяқтықтың құрбаны болғандығын көрсеткен. Яғни өзін «жерсеріктік байланыс жүйесі» қызметкерімін деп таныстырған бейтаныс жігіт, микроқаржы арқылы жәбірленушілердің атынан несие рәсімдеген. Келтірілген жалпы шығын көлемі 385 000 теңгеге жуық.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, дереу іске кірісті. Куәләрдан жауап алып, көршілес аймақтарға да іздестіру шараларын жүргізді. Жедел уәкілдердің тыңғылықты атқарған жұмыстарының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Сайрам ауданындағы тұрғылықты мекенжайынан ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Анықталғандай, күдікті ер азамат «жерсеріктік байланыс жүйесі» компаниясының қызметкерімін деп, аудан тұрғындарының сеніміне кіріп, жерсеріктік телеарналар орнатуға жаңадан тіркеу жұмыстарының жүріп жатқандығын айтқан. Содан тұрғындардың жеке мәліметтерін жазып, бет-бейнелерін суретке түсіріп алған. Және осы арқылы арам ойын жүзеге асырып, қаржы ұйымдарынан жасырын түрде несие рәсімдеген. Ал ақшаны алған соң, өз пайдасына жаратып жіберген. Тексеру барысында ұсталған азаматтың бұрында алаяқтық жайты бойынша істі болғаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Құрметті қала тұрғындары, жоғарыда аталған мәселеге тап болмас үшін жеке басыңызға қатысты ақпаратты бейтаныс тұлғаға ұсынуға болмайтынын ескергендеріңіз абзал!

Ұқсас ақпараттар

МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚОСЫМША ҒИМАРАТЫ КЕЛЕР ЖЫЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ – ЕЛДІҢ ДАМУЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ЖОСПАРЛЫ ВАКЦИНАЦИЯ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

smarttop

Пікір қалдыру