18.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАРАЛАТЫН ІСТЕРДІҢ САНАТЫ ҰЛҒАЯДЫ

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық сотының судьясы Дінмұхаммед Әзіретқұлов және Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Тулешовтің қатысуымен сот жүйесіндегі жаңашылдықтар мен жетістіктер және Конститутциялық сот тақырыбында өткен баспасөз брифингі өтті.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында сот пен құқық қорғау саласына жаңа серпін беру мақсатында Конститутциялық Соттың пайда болатындығы туралы айтылған болатын. Жалпы Конститутциялық Сот Ата Заңымыздың заңдылығы мен үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың актілерін, жоғары лауазымды тұлғалардың әрекеттерін ҚР Конститутциялық заңнамаларының қолданылуын реттейді.
Бұған дейін Сот отырыстарында қоғам өкілдерінен құралған алқабилер тек қана аса ауыр қылмыстар бойынша қатыстырылса, ендігі жерде алқабилердің қатысуымен қаралатын істердің санатын ұлғайту тапсырылды», — деді қалалық сот судьясы Д. Әзіретқұлов.

Спикердің сөзінше Жолдауда прокуратура мен Адам құқықтарын қорғауға өкілетті тұлғаға қатысты заң мәртебесі Конститутциялық Заң дәрежесінде белгіленіп, Бас прокурор мен өкілетті тұлға адам құқықтарын қорғауға бағытталған сұрақ немесе шағымдармен жаңадан құрылатын Конститутциялық Сотқа тікелей жүгіне алады.

Яғни бұл Конститутциялық іс-жүргізуге қатысушылардың санының артып, елімізде конститутциялық бақылау мен заң үстемдігінің күшейе түсетінді.

Жолдауда айтылған бұл бастамалардың барлығы адам құқықтарын қорғауға бағытталған заң үстемдігінің күшеюіне, судья лауазымына тағайындау барысы мен сот істерінің әділ, әрі ашықтығын көздейді.

Айта кетейік, Конститутциядан өлім жазасын жаза ретінде қолдану жөніндегі ұғымды алып тастау ұсынылды.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ 8000 БАЛА БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ АЯСЫНДА ҮЙІРМЕЛЕР МЕН СЕКЦИЯЛАРҒА ТЕГІН ҚАТЫСА АЛАДЫ

smarttop

ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛАДЫ

smarttop

АИТВ ЖҰҚПАСЫНЫҢ АНАДАН БАЛАҒА ЖҰҒУ ҚАУІПІ 97 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру