8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

Полицейлер Өзбекстан азаматын «Сора» өсімдігінің ұрығын шекарадан алып өтпек болған ер адамды ұстады

«Жібек жолы» шекарасы аумағындағы «Белка» лақап атты қызметтік ит белгі беріп тоқтатқан ер адамнан, есірткі затына ұқсас дәндер алынды. Аталған деректі тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігі «Айналыстан алып қойған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркеуге алды. Полицейлер күдіктінің қалтасынан алынған затқа сот-сараптамасын тағайындап, нәтижесінде оның «сора» өсімдігінің ұрығы екендігі анықталды.

Белгілі болғандай, күдікті Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға өтпек болған өзге елдің азаматы. Ол сора өсімдігінің ұрығын бөдене құсына жем ретінде алып келе жатқанын жеткізді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының поилцейлері заңмен тыйым салынған, айналыстан алынып тасталған есірткі затына қатысты қылмыстық жауапкершілік барын қатаң ескертеді. Облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Ұқсас ақпараттар

А-2 АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 54 МЫҢ ТҰРҒЫНҒА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 15 МЫҢҒА ЖУЫҚ БЮДЖЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ КӨБЕЙДІ

smarttop

Пікір қалдыру