17.3 C
Шымкент
Суббота, 19 апреля, 2025
Smarttop.kz

Полицейлер үш бірдей алаяқтық қылмысына қатысы бар күдіктіні анықтады

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне үш бірдей жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші азаматтың бірі өз арызында тұрғылықты үйіне белгісіз біреу келіп, газ құбырын кіргізіп беремін деп сеніміне кіргенін жеткізді. Ол үшін ақыға 186 000 теңге ақшасын алып кеткен. Алайда, уәде орындалмай жарты жылға жуық уақыт өтеді. Ал қалған екі жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына белгісіз ер адам келіп, үйіне кіргізілген табиғи газға қатысты заңды құжат жасап беремін деп, біреуінен 71 500 теңге, екіншісінен 75 000 теңгесін алып кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғын жас жігіт ұсталды. Ол жәбірленушілерден алған ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Тексеру кезінде оның бұдан алдын да ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты алаяқтық бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыс полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады! Сондай-ақ есте сақтаңыз, сіз ешкімге жеке басыңызға қатысты мәліметті беруге немесе айтуға міндетті емессіз! Әрбір мәселені тек заң шеңберінде шешуге дағдыланыңыз!

Ұқсас ақпараттар

Халықаралық стандартқа сай конгресс-холдың құрылысы жүруде

smarttop

МӘРТӨБЕЛІКТЕР ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІ ҚОЛДАЙДЫ

smarttop

«Денсаулыққа қарай 10 000 қадам»: полицейлер, депутаттар мен еріктілер спорттық марафонға қатысты

smarttop

Пікір қалдыру