Smarttop.kz

Полицейлер террористік тұрғыдан осал нысандар бойынша объектілерді тексеруге бекітілген қызметкерлермен кездесу өткізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кездесу өткізді. Кездесуге облыс аумағында орналасқан объектілердің тексеруге бекітілген қызметкерлер мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің қызметкерлері шақыртылып, оларға террористік тұрғыдан осал объектілердің тәртібі бойынша оқыту сабақтары жүргізілді. Олар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен келіп түскен нұсқауға сәйкес, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі жаңа тәсілдер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын реттеу бөлігінде енгізілген өзгерістерді түсіндірді және ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды орындау қажеттігі туралы объектілердің басшылары мен меншік иелеріне ескерту жасалды.

Ұқсас ақпараттар

ҮЙ ЖАЛДАУ АҚЫСЫН СУБСИДИЯЛАУ

smarttop

ҚАРАТАУ АУДАНЫ: ҚАЙТПАС ЕЛДІМЕКЕННІҢ КӨШЕЛЕРІ БИЫЛ 100 ПАЙЫЗ АСФАЛЬТТАЛАДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру