9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысында 138 шетелдік әкімшілік қамауға алынып, 124 өзге елдің азаматы елден аластатылды

Түркістан облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасымен ағымдағы жылдың 4 айында заңсыз көші-қонның алдын алу, шетел азаматтарының арасында құқық тәртібін сақтау, қылмыс пен құқықбұзушылыққа жол бермеу т.б. бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен облыста жыл басынан бері 7784 шетелдік пен азаматтығы жоқ тұлғалар қабылдаушы тараптардың хабарламалары негізінде есепке қойылған. Бұл өткен жылғы осындай мерзімге қарағанда 3,5 пайызға жоғары.
Жалпы күнделікті және жүйелі атқарылған жұмыс нәтижесінде республиканың көші-қон заңдылығын бұзған 3919 шетелдік пен ҚР-сы азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: 771-і шетелдік азаматтар. Аталған құқықбұзушылардың 1495-іне ескерту берілсе, 1897 азаматқа әкімшілік айыппұлдар салынды. Ал 138 шетелдік әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ өзге елдердің 124 азаматы ел аумағынан аластатылды.
Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған – 56 және шетелдіктерді заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен – 367 Қазақстан Республикасының азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері жалпы заңсыз көші-қонға қатысты 7 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде мемлекеттік шекарадан заңсыз өту бойынша 2 іс және заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға байланысты 5 іс тіркелген.
Өтініш білдірген шетелдіктерге түгелдей рұқсаттар рәсімделіп, 1930 шетелдіктің рұқсаттары ұзартылған. Ал Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы 842 адам арызданып, 790 тұлға департамент тарапынан жеңілдетілген тәртіппен қабылданды. 118 тұлғаның азаматтыққа қатыстылығын анықтау бойынша өтініштері қаралып, қанағаттандырылды.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ КОЛЛЕКТОР АПАТЫНАН БАСПАНАСЫ ЗАРДАП ШЕККЕН ЗЕЙНЕТКЕРГЕ ҮЙДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

smarttop

«ТУРИЗМ МАМАНДЫҒЫНЫҢ» СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

ТҮРКІСТАНДА «ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒЫЛЫМ ТІЛІ: ДӘСТҮР ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ» СИМПОЗИУМЫ ӨТІП ЖАТЫР

smarttop

Пікір қалдыру