5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысының полицейлері «Соңғы қоңырау» күні құжатсыз көлік басқарған жасөспірімдерді анықтады

25 мамыр «Соңғы қоңырау» күні Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің тапсырмасымен облыстағы мектептерге бөлініп, арнайы рейдтік-профилактикалық жұмыстарды жүргізуде.

Әсіресе жас түлектердің қызық қуып, қандай да жол ережесін бұзбауы, тау-қырға шығамыз деп, апатты жайттарға тап болмауы қатаң қадағалауға алынды. Мысалы Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мектептер мен көшелерде тексеру жұмыстарын күшейтті. Нәтижесінде кәмелет жасына толмаған мектеп бітіруші 3 жасөспірімнің құжатсыз автокөлік басқарғанын анықтап, олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы» хаттама толтырылды. Жасөспірімдер басқарған екі көлік ресейлік нөмірмен болған. Бұдан басқа мемлекеттік тіркеу нөмірсіз көлік басқарған 2 жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігімен «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» жауапқа тартты. Қазіргі таңда 4 автокөлік айыптұраққа қойылды.
Айта кетсек түркістандық полицейлер жол ережесін өрескел бұзғандар мен тәртіпсіздік жасағандарды назардан тыс қалдырмайды. Ал «Соңғы қоңырау» күніне арналған арнайы рейдтік шара түнгі мезгілде де жалғасады. Сондықтан жол қозғалысы ережесін қатаң сақтаңыздар!

Ұқсас ақпараттар

ШАПЫРАШТЫ КАНАЛЫНА СУ КЕЛДІ

smarttop

ХАБАРЛАНДЫРУ!

smarttop

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» БОЙЫНША 79 ЖОБА ҚОЛДАУ ТАПТЫ

smarttop

Пікір қалдыру