8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Сыбайлас жемқорлық – қарапайым тілмен айтқанда қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара беру және алу. Онымен күресу барша тұлғаның міндеті. Осындай қылмысты болдырмау және алдын алу мақсатында Арыс аудандық полиция бөлімінің ғимаратында жеке құрам қызметкерлеріне кең көлемде жиын өтті. Яғни Арыс аудандық полиция бөлімі бастығы полиция майоры Мақсат Қарабаев пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Гаппаров полицейлермен кездесті. Шараның мақсаты — жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында жеке құрам қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Яғни Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бекітіліп қолданысқа енгізілгенін полиция қызметкерлеріне таныстырып, баяндама оқылды. Кездесу барысында жиынға қатысқандар өздерінің ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың зардабы мен бұған қарсы атқарылатын жұмыстар талқыға түсті. Шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту мақсатында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға жоспар құрылып, нақты міндеттер қойылды.

Ұқсас ақпараттар

ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛАДЫ

smarttop

«TURAN ГХА» СПОРТ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 32 КОЛЛЕДЖДЕ 32816 СТУДЕНТ БІЛІМ АЛУДА

smarttop

Пікір қалдыру