9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысында көлік терезесінен шығып отырған түлектерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жүргізуші жауапқа тартылды

Оқу жылы аяқталып, соңғы қоңырау соғылған күні жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысының полицейлері тәулік бойы тәртіпті қадағалады. Соның ішінде мектеп бітірушілердің көлік картежін ұйымдастыруына жол бермеу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, жауапкершілігі қаралды.

Мысалы Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кіші жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы Леңгір қаласы көшелерінің бірінде кетіп бара жатқан «БМВ» маркалы көлігінен 2 жасөспірімнің терезеден денесін шығарып алғанын байқап, бірден әрекет етті. Жол қозғалысы ережесін бұзған жасөспірімдерге, олардың ата-аналарына профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы «Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жалпы, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қауіпсіздігі ережесін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында түркістандық полиция қызметкерлері тұрақты түрде рейдтік-профилактикалық іс-шараларды өткізіп отырады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Ұқсас ақпараттар

БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУГЕ БЕС ЖҮЗДЕН АСТАМ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ҚАТЫСТЫ

smarttop

Полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, спортшы полицейлерді жеңістерімен құттықтап марапаттады

smarttop

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА НАҚТЫ ІСТЕР

smarttop

Пікір қалдыру