Smarttop.kz

Полицейлер мүмкіндігі шектеулі балаларға спорттық құрал-жабдықтары сыйға тартты

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері, «Мейірім-шапағаты» оңалту орталығының мүмкіндігі шектеулі балаларына тосынсый жасады. Полицейлер ерекше бүлдіршіндердің сауығып, қанаттанып кетуіне ниет білдіріп, түрлі тәттілер мен балалардың ой өрісін дамытатын «Халық ертегілері» кітаптарын тарту етті. Сонымен қатар денсаулықты жақсартып, балалардың сауығып кетуіне жәрдемші болатын жаттығу жасауға арналған спорттық құрал-жабдықтар сыйлады. «Оң қолыңмен бергенді, сол қолың көрмесін» деген ұлағатты ұғым бар. Десек те, осындай игі істерді кейінгі буынға насихаттайтын адал полицейлердің бары қуаныш сыйлайды. Шынында да түркістандық полицейлер бала болашағын ойлаған жаны жомарт, өз елінің нағыз патриоттары!

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ЗАМАНАУИ НЫСАН БОЙ КӨТЕРМЕК

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» ШЕҢБЕРІНДЕ 256 ЖАС ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

smarttop

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 5 МЫҢНАН АСА ТҰРҒЫН ҚАТЫСЫП, СҮЙІКТІ ҚАЛАМЫЗҒА ТАЗАЛЫҚ СЫЙЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру