Smarttop.kz

Полицей Думанжан «Балалар жылына» байланысты өлең жазып, мәнерлеп оқыды

Полиция қызметкері болу үшін білім, білік, сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете білу қабілеті де бастылардың қатарында. Ұстамдылық, азаматтармен тіл табыса білу, сыпайы болу да аса маңызды. Осындай толып жатқан талаптардың үдесінен шыққан, сонымен қатар қазақтың сөз өнеріне жақын полицейдің бірі Мақтаарал ауданында қызмет етеді. Ол ювеналды полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Думанжан Тұрсынбай. Негізгі қызметі кәмелетке толмаған жасөспірімдермен байланысты болғандықтан, ол биылғы «Балалар жылына» орай өз жүрегінен шыққан өлең жолдарын арнады:
Ел үміті балаларымыз аман болсын!
Жаңа Қазақстан қанат жаяр заман болсын.
Балаларға жақсы көңіл бөлейік,
Бұл жаңа елге жасаған қадам болсын!

Бұл полицей Думанжанның туындысының үзіндісі. Ол өзінің өлең жолдарында балаларға ерекше көңіл бөліп, әрқашан қуанышқа бөлеу керектігін және болашақтың кілті – балаларда екендігін баса айтқан. Аталған өлең жолдарына арнайы бейнеролик дайындалған. Бейнематериалда мақтааралдық полицейлердің балалар үшін жыл бойы жасаған жұмыстары көрсетілген. Онда балаларға сыйлықтар тарату, қайырымдылық жасау, балалардың қауіпсіздігі бойынша өткізілген жедел-профилактикалық жұмыстар бойынша кадрлар жинақталған. Ендеше тәртіп сақшысының төл туындысын тыңдап, сіз де өз бағаңызды беріңіз, құрметті оқырман!

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ПЕН СИАНЬ ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТАДЫ

smarttop

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отбасы күніне орай құттықтауы

smarttop

СКРИНИНГТІҢ КӨМЕГІМЕН 1000-НАН АСТАМ АДАМНЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІК АУРУЫ ЕРТЕ АНЫҚТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру