Smarttop.kz

Полицейлер кәмелетке толмаған 100-ден аса жасөспірім мен ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қазығұрт ауданының полицейлері түнгі рейдтік жұмыстарды жүргізуде. Осы бағытта полиция қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, кәмелет жасына толмаған 100-ден аса жасқспірімге ата-аналарының қарауынсыз жүрмеуін ескертті. Полицейлер қала аумағында халық көп баратын орындарға, саябақтарға барып, түнгі сағат 22:00-ден соң, жасөспірімдердің заңды өкілінсіз жүруіне тыйым салынатындығы жайлы ескертулер жасады. Егер де, екінші рет қайталанған жағдайда әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынатындығын түсіндірді.

Сонымен қатар полицейлер кәмелет жасына толмағандарға тыйым салынған уақытта қызмет көрсеткен ойын алаңшаларының, компьютер клубтарының, кафелер мен мейрамханалардың иелеріне шара көрілетіндігі туралы еске салады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналардың басты міндеті. Олардың қатысуымен болатын түрлі құқық бұзушылықты болдырмас үшін, ата-ана бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамауы керек. Түнгі уақытта қараусыз жібермей, оларға жауапты болуы тиіс.

Ұқсас ақпараттар

2024 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ ТАРАПЫНАН 1180 ПӘТЕР САТЫП АЛЫНҒАН

smarttop

РЕСПУБЛИКА МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

smarttop

ИГЕРІЛМЕГЕН ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру