3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Қазығұрт ауданында қару сақтау талаптарын бұзу бойынша жыл басынан бері 22 хаттама толтырылған

Түркістан облысының полицейлері бұған дейін тұрғындарға хабарландыру таратып, үйінде сақтаулы тұрған қаруларды полиция бөліміне өткізу керектігін айтқан болатын. Яғни ол үшін арнайы сыйақы төленетіндігі жайлы да хабарлама жасады. Полиция қызметкерлері әр әкімшілік аумақтағы қаруы бар азаматтардың үйлеріне арнайы барып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты – аудан көлемінде орын алып жатқан отты қарумен жасалған қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, болдырмау.

Тәртіп сақшыларының тыңғылықты тексеру жұмыстарының нәтижесінде аудан тұрғындарына ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы «Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу» бойынша 11 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы «Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу» бойынша 8 хаттама, сонымен қатар ӘҚБтК-нің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы» бойынша 3 хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Атап айтар болсақ, Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылдық округі Ағанай ауылының тұрғыны өзінің атындағы аңшы қаруының сақтау талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылған. Яғни ер адам темір сейфтің ішінде қарудан басқа заттардың және аспалы құлыптың болғаны үшін айыппұл төледі. Осы секілді сақтық шаралары үшін полиция қызметкерлері жүйелі жұмыстарын жүргізе бермек.
Сондай-ақ жыл басынан бері Қазығұрт ауданы бойынша ерікті түрде 9 қару өткізілген.

Ұқсас ақпараттар

АҚНИЕТ ШАҒЫН АУДАНЫНДА 5 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

smarttop

«ЗАҢ КЕРУЕНІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ

smarttop

БОЗАРЫҚТА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІ ДАМУДА

smarttop

Пікір қалдыру