13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ -2022» КӨРМЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

Шымкент қаласы әкімдігі мен жергілікті кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен шаһарымыздың Орталық саябағында «Қазақстанның үздік тауары-2022» өңірлік көрме-байқауы өтіп жатыр.
Көрмеде мегаполистің 70-ден астам ірі, шағын және орта кәсіпорындар, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс салалары бойынша өз өнімдерін келушілер назарына ұсынып отыр.
Құттықтау сөз сөйлеген қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов кәсіпкерлік саласының дамып келе жатқаны көз қуантатын жағдай екенін жеткізді.
–Кәсіпкерлік әлеуетті халыққа таныстыру үшін осындай көрмелерді тұрақты түрде өткізу қажет. Статистика бойынша Шымкенттің өнімдері республикадағы үлестің 30 пайызын, ал фармацевтика 26 пайызын қамтиды. Мегаполистің потенциялы жоғары. Кәсіпкерліктің алға басуы қосымша жұмыс орнын арттырады. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарады. Қаншама отбасы нәпақа тауып, бала-шағасын асырауға мүмкіндік алады, — деді Бахадыр Мәдәліұлы.
Конкурс шартына сай, тәуелсіз сарапшы аудитор, бизнес-қауымдастық, салалық қоғамдық бірлестік және мемлекеттік орган өкілдерінен құралған. Аталған сараптамалық комиссия «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша үздіктерді таңдайды.
«Қазақстанның үздік тауары-2022» өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталумен қатар, жыл соңында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық байқауға қатысу құқығына ие болады. Өңірлік көрме-байқауы үш күнге созылады. Ал, енді барша қатысушы кәсіпкерлерге жеңімпаз болып республикалық байқауға қатысуын тілейміз!
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

smarttop

БИЫЛ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 60 ПАЙЫЗҒА АРТАДЫ

smarttop

«ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ШЫМҚАЛА КЕРУЕНІ» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру