9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

АҚЖАЙЫҚ ШАҒЫНАУДАНЫНА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ТАРТЫЛУДА

Шымкент қаласының әкімі Дүйсенбекұлы Мұрат Әйтенов Ақжайық шағынауданын инжинерлі-инфрақұрылыммен қамту барысын тексерді. Қазір мұнда кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Құрылыстың сметалық жобаға сәйкес, ұзындығы 22,1 шақырым кәріз жүйесі салынып, ол үшін бюджеттен 686,1 млн теңге қаралып отыр. Құрылысы биыл басталған нысанда қазір жұмыстың 10 (2,5шқ) пайызы орындалған. Алдағы уақытта жұмысты аяқтау мерзімі 2023 жылдың тамызына жоспарланып отыр. Кәріз жүйесі құрылысы біткен соң пайдалануға берілгенде шағынаудандағы 4200 үй кәріз жүйесіне қосылады. Жаңа кәріз жүйесін шағынаудан халқымен бірге кәсіпорындар, мектеп пен балабақшалар да пайдаланады.

Ақжайық шағынауданында 35 көпқабатты, қалғаны жеке тұрғын үйлер.

Ауыз су, электр жарығы және табиғи газбен толық қамтылған. Қазір онда 3 мектеп пен 12 балабақша бар.

Өткен жылы 8 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілген. Биыл 10 спорт алаңшасының құрылысы жүргізілуде.

Шағынауданда осы жылы 13 көше орташа жөндеуден өтпек. Атап айтқанда Жағатай көшесінің жалғасы, Оразбай ата, Бетеге жалғасы, Жағатай көшесінің жалғасындағы атауы жоқ көше, №12 көше, Сарбаз көшелеріне асфальт төселетін болады.

Жоспарға сәйкес, жыл сайын орташа жөндеу жұмыстары қаланың орталық көшелері ғана емес, ауданның ішкі орамдық көшелері де қамтылады. Бүгінде жоспарланған 308 көшенің 145 көшесі құрылыс жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, бүгінге дейін Ақжайықта 8 көше жарықтандырылған. Биыл Балқарағай, Асфендияров көшесі жарықтанса, келер жыл 2023 жылы Байсбаев пен Қарасай, 2024 жылы Спанов пен Уали ата көшелеріне кешкі шам орнатылатын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАҢАРУДАН ӨТКЕН КІТАПХАНАЛАР ҚАЛА МӘДЕНИЕТІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТ: 7000 жасөспірімге «Рамазан тәттісі» таратылды

smarttop

Түркістанда мас халде көлік басқарған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

smarttop

Пікір қалдыру