4.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

Полицейлер 30 түп «сора» есірткі өсімдігін өсірген тұрғынды анықтады

«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі затын өсірді деген күдікпен аудан тұрғынын құрықтады. Нақтырақ айтсақ, полицейлерге есірткі қылмысы бойынша шұғыл ақпарат түскен. Осының негізінде тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша СДТБТ-ға енгізіліп, қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері күдіктінің үйін тексеру кезінде ауласынан 26 түп, ауланың сыртында ағаштармен қоршалған жерден 4 түп есірткіге ұқсас өсімдік тауып, тәркіленіп алынды. Айғақты зат ретінде алынған заттарға сараптама тағайындалды. Нәтижесінде оның «сора» есірткісі екені расталды. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға тыйым салынған заттарды қолданып, сатуға, сақтауға болмайтынын, әр құқық бұзушылыққа заңға сәйкес шара көрілетінін ескертеді. Жалпы есірткі қолдану, бірінші кезекте сіздің денсаулығыңызға қауіпті екенін еске салып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.

Ұқсас ақпараттар

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» форумы өтті

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100-ДЕН АСТАМ ӨЗЕН — КӨЛДЕ БАЛЫҚ ӨСІРІЛЕДІ

smarttop

2024 ЖЫЛДАН БАСТАП EGOV MOBILE АРҚЫЛЫ ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ҚАТЫСУДЫ ШЕКТЕУ МҮМКІНДІГІ ПАЙДА БОЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру