16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Полицейлер тұрғындардың малдарын ұрлаған үшеуді құрықтады

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті екі бірдей тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның жайылымдық жерде арқандаулы тұрған әрқайсысының құны 300 000 теңге тұратын екі бас жылқысын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Екінші жәбірленуші ер адам, ауыл ішінде жайылып жүрген әрқайсысының құны 700 000 теңге тұратын 2 бас сиырын белгісіз біреудің ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 1 000 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Тәжірибелі тәртіп сақшылары орын алған мал ұрлығы қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шықты. Полицейлердің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысыь бар үш жергілікті тұрғын ұсталды.

Тексеру кезінде анықталғандай ұйымдасқан үшеу қаражат табу мақсатында осындай әрекетке барған. Сезіктілер оңай жолмен келген бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды жеке мүліктеріне сақ болуға шақырады. Жайылымдық жерлерге малдарын бақташысыз жібермеуге кеңес береді. Егер де, сіз, ұрлық қылмысына тап болсаңыз немесе куәсі болсаңыз полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА ОҢ ӨСІМ БАЙҚАЛДЫ

smarttop

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕКТОРЫНДАҒЫ ӨРТТІҢ ҚЫЗМЕТІ

smarttop

МИБ ОНЛАЙН ТІРКЕУ ҚЫЗМЕТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІ

smarttop

Пікір қалдыру