21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

Түркістан облысының полицейлері «Заңсыз келуші-2022» жедел-профилактикалық шарасын жүргізуде

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, Қазығұрт ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен 2022 жылдың маусым айының 27-і мен шілде айының 04-і күндері аралығында «Заңсыз келуші» профилактикалық шарасы жүргізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты -көші-қон заңнамасын сақтау бойынша шетелдіктер мен қабылдаушы адамдар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, заңсыз көші-қон арналарымен оларды ұйымдастырушыларды анықтау. Сонымен қатар Қазақстан Республикасына келіп кетуі мен республикада болу ережелерін сақтау болып табылады. Осы профилактикалық шараның 1 күнінде Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-тармағына сәйкес «Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы» 1 азаматқа, Қазақстан Республикасы аумағында заңсыз жұмыс жасауға рұқсат қағазын алмай жұмыс істеп жүрген 11 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен хаттама толтырылып, 2 азамат ҚР аумағынан аластатылды. Сонымен қатар шетел азаматының заңсыз еңбек күшін пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы «Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту» бойынша 1 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы профилактикалық шаралар полицейлер тарапынан әлі де жалғасын таба бермек.

Ұқсас ақпараттар

Сайрам аудандық Полиция басқармасының ардагерлері марапатталды

smarttop

Жоғалған күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел ұсталды

smarttop

Түркістан облысының полицейлері өртенген көлікті дер кезінде сөндіруге көмектесті

smarttop

Пікір қалдыру