4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 3 ІРІ ЖОЛАЙРЫҚ САЛЫНАДЫ

2025 жылға дейін Шымкентте 3 ірі жолайрық пайдалануға беріледі. Бұл қаладағы көлік қозғалысы мен кептеліс мәселесін шешуге септігін тигізбек. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифинг барысында мәлімдеді.
Бүгінде Шымкентте екі жолайрықтың құрылысы жүріп жатыр. Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы биыл толығымен аяқталып, ел игілігіне берілмек.
— Арғынбеков көшесі мен Бәйдібек би даңғылының қиылысындағы жолайрық құрылысының алғашқы кезеңі басталды. Бұл құрылыс келесі жылға өтпелі. Сондай-ақ, 2025 жылы 3 жолайрық, 2 транзиттік айналма жолдың құрылысын аяқтап, А-2 автожолы қалпына келтіріледі. Нәтижесінде сапалы жолдың еншісі 64,7 пайыздан 79 пайызға жеткізілмек, — деді М.Әйтенов.
Сонымен қатар, Шымкентте әлеуметтік маңызы бар 747 көшенің 324-і жарықтандырылған. Биыл 102 көшеге мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде жарықтандыру жұмысы жүргізілмек. Яғни, қаладағы жарықтандырылған көшелердің үлесі 43 пайыздан 57 пайызды құрайтын болады. Бұл көрсеткішті 2025 жылы 75 пайызға жеткізу жоспарланған.
Брифинг барысында республикалық телеарна тілшілері М.Әйтеновке Шымкент қаласының бас жоспарына және ондағы ЛРТ, БРТ құрылысына қатысты сұрақ қойды.
— Шымкенттің алдыңғы бас жоспары 2012 жылы бекітілген. Ол кезде Шымкент облыс қарамағындағы 500 мыңдай тұрғыны бар қала болатын. Бүгінде Шымкент республикалық маңызға ие, 1 миллионнан астам тұрғыны бар үлкен қала. БРТ мен ЛРТ құрылысын салу — уақыт талабы. Ірі қалаларда атвобустарға аналогты қоғамдық көліктің болуы өте маңызды. Себебі, бұл көлік кептелісін азайтып, қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасайды. Ал, оның құрылыс жөнінде тиісті мамандармен кеңесіп, зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деді М.Әйтенов.
Айта кетейік, Шымкентте жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары 352 шақырымды құрайтын 190 нысанда жүріп жатыр.

Ұқсас ақпараттар

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: «ӘРБІР ҚҰРЫЛЫС САПАЛЫ АТҚАРЫЛУЫ ТИІС»

smarttop

М.ӘЙТЕНОВ: «БЕС ЖЫЛДА 101 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ»

smarttop

ТҮРКІСТАН: «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ МАҢЫН РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру