19.8 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

Полицейлер Шымкент бағытына кетіп бара жатқан жас жігіттерді ұрып-соққан бұзақыларды ұстады

Сайрам аудандық Полиция басқармасына төрт бірдей жас жігіт арызданды. Олардың айтуынша, екі бейтаныс ер адам «Ваз 2106» маркалы автокөліктен түсіп, өздерін ұрып-соғып, қашып кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасын жүргізді. Олар осы қылмысқа қатысы бар ағайынды Шымкент қаласының тұрғындарын ұстады.

Тексеру кезінде анықталғандай, жәбірленушілер «Приора» маркалы автокөлікпен Шымкент қаласы бағытына қарай жолға шыққан. Содан соңдарынан келе жатқан «Ваз 2106» маркалы автокөлікпен жолға таласып қалған. Араларындағы болған түсінбеушілік салдарынан, «Приора» көлігінде отырған жас жігіттерді ұрып, қашып кеткен. Тәртіп сақшылары жәбірленушілерге медициналық сараптама тағайындады. Қазіргі таңда оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға жолда жүру ережесін қатаң сақтауды ескертеді. Сонымен қатар қандай қылмыс түрі болса да, заң жүзінде шешім қабылданып, шара көрілетіндігін еске салады.

Ұқсас ақпараттар

ТІЛДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫН ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

ЖЫЛ БАСЫНАН 14 000-ГЕ ЖУЫҚ ЗЕЙНЕТКЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

smarttop

Пікір қалдыру