9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

СӘУЛЕ ШАҒЫН АУДАНЫНДА КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес, Сәуле шағын ауданы бойынша қаламыздың ішкі орам көшелерін асфальттау қарқынды жүргізіліп жатыр. Соның бірі — Әл-Фараби ауданына қарасты «Сәуле» шағын ауданындағы Жаңабазар көшесі тупик 1,2, Марқакөл көшесі және Мұратбаев көшесінің жалғасы.Арнайы әзірленген сметалық құжаттамаға сәйкес, ұзындығы 1,9 шақырым жолға жауапты мердігер мекеме «Базис К» ЖШС-і. Бүгінгі таңда мердігер мекеме асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, аталған жұмыстар Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Жұмыс барысында жиек тастарын орнату мен қатар аяқ жолдарын орнату көзделуде. Бұл 3.3 шақырымды құрайды. Яғни, Ақпан батыр көшесі мен Бейбітшілік көшесіне дейінгі аралық. Аталған жөндеу жұмыстары 2021 жылы басталған болатын. Қазіргі таңда Ақпан батыр мен Қонаев даңғылына дейінгі аралықта жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, Д.Қонаев даңғылы мен Бейбітшілік көшесіне дейінгі аралықтағы жолдарды тамыз айында аяқтау жоспарланған. Асфальтталған жолдар көбінесе шұңқырланып, бұзылып жөндеуге келіп қалған.Айта кетейік, Шымкент қаласында асфальтталған жолдардың жалпы ұзындығы – 2 029,2 шақырым. Қалада 2021 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша бірқатар нысандарда жұмыстар аяқталды.Бұзылған жолдар немесе шұңқырланған жолдар бойынша статистика қарасақ, бірнеше жұмыстар орыналынып жолдар түзуленген. Статистика бойынша сөйлесек, Жыл басынан бері шұңқырларды жамау (3500 шаршы метр), тегістеу қабатын салу (1000 шаршы метр) жұмыстары орындалды. Биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады.
Егерде көше жөндеу бойынша қосатын болсақ, Ғ.Иляев көшесінде де жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Көше бойынша жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары бойынша 2021 жылдан басталған көшеге жаңа асфальт төселіп, екі жағынан аяқ жолдар мен веложолдар салынуда.

Ұқсас ақпараттар

“ШЫМКЕНТ СИТИ” САЯБАҒЫНДА ЗАҢСЫЗ САУДА ЖАСАҒАН 30 АЗАМАТҚА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

smarttop

Полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты 1500-ге тарта құқық бұзушылықты анықтады

smarttop

«БОЗАРЫҚ» ПЕН «ЖҰЛДЫЗ» АЙМАҚТАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ

smarttop

Пікір қалдыру