Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еуропа қайта құру және даму банкінің Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Харгитай Жужаннамен кездесу өткізді.
Меморандум бірлескен ғылыми-зерттеу, ғылыми-экспозициялық, экскурсиялық, білім-ағартушылық және басқа тәуелсіз Қазақстан тарихының қалыптасуы мен дамуын зерделеу аясында іс-шараларды өткізудегі қарым-қатынастарға арналған.
Меморандум тармақтарын орындау барысында тараптардың жетекші ғалымдарын ғылыми-зерттеу және ағартушылық қызметке тарту; екі тараптың мерзімдік басылымдарында мақалалар мен материалдарды жариялау; сонымен қатар дәрістер, экскурсиялар, ақпараттық ресурстармен алмасу және т.б. ұйғарылған.Шымкент қаласы үшін даму барлық ЕҚДБ арқылы бюджеттік жұмыстар жүргізіледі.
Кездесуде Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшу шеңберінде Шымкент қаласын дамыту, Қазақстанның «Жасыл қалалар» бағдарламасын енгізу және дамыту арқылы 2060 жылға қарай Париж келісімінің мақсаттарына және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуі, ЕҚДБ-ның Қазақстандағы энергетика, көлік және коммуналдық инфрақұрылым және жасыл экономика саласындағы көрсеткіштері жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі басымдықтары талқыланды.
ЕҚДБ тарапынан Шымкент қаласындағы (Бизнес-ортақтық және кәсіпкерлік бойынша жасалатын шағын және орта бизнестерге қолдау көрсетуі)шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау білдіру жұмыстарының жалғасы табылатындығы жеткізілді.
Кездесу барысында қала әкімі ынтымақтастықты нығайтуға ниетті ЕҚДБ өкілдеріне алғысын білдіріп, тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі