0.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНА ДЕЙІН АВТОБУСТАРДЫ КОНДУКТОРСЫЗ ЖҮЙЕГЕ ӨТКІЗУГЕ ТИІСПІЗ

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов арнайы БАҚ өкілдеріне берген баспасөз брифингте айтты.

Брифинг барысында Ержан Жақсылықұлы басқармасының жарты жылда атқарылған жұмыстарын қортындылады. Спикердің сөзінше, қалада 78 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді, күнделікте маршруттарға 843 автобус шығады. Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде. Ал, пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар саны 890 автобус немесе 89% құрап отыр

«Бүгінде жолаушыларды қолма-қол ақшамен төлеуге мәжбүр ететін кондукторлардың жұмысына көптеген шағымдар түсуде. Жағдайды түзету үшін қалалық маршруттарда кондукторсыз жүйені кезең-кезеңмен енгізу міндеті қойылды. Жаңа жүйеге сәйкес автобуста кондукторлар мүлдем болмайды. Бұл дегеніміз, жолаушы өзі жолақысын қолма-қол, «Tolem» картасы, SMS код немесе QR- код арқылы төлей алады. »-деді спикер.

Брифинг барысында жылжымалы құрамды жаңарту мақсатында, 2020 жылы газ метанмен жүретін 590 жаңа автобус сатып алынғанын, қазіргі уақытта барлық автобустар қалалық тұрақты маршруттарға тартылып, күнделікті тұрғындарға қызмет көрсетіп жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, аталған автобустарды газ отынымен қамтамасыз ету үшін 2 газ станциясы қызет көрсетіп, ал үшінші станцияның салу үшін жер учаске бөлініп, инвестор анықталып жатқаны да айтылды.

Қазіргі уақытта, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен Шымкент қаласы полиция департаментінің арасында жаңа жүйені іске асыру мақсатында меморандум түзілді. Меморандумға сәйкес, полиция қызметкерлері және бақылау тобы бірлесіп, жол ақысын төлемеген жолаушыларға әкімшілік құқық бұзу туралы хаттамалар түзіп, айыппұл сала алады. Айта кету керек, егер жол ақысын қолма-қол төлеген жағдайда, міндетті түрде билет беруді талап ету керек. Жалпы бұл жүйенің мақсаты — ашықтықты қамтамасыз ету, жүргізушінің жалақысын көтеру, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету, жолақы төлемін автоматтандыру, жалпы алғанда орын алған кемшіліктерді жою тұрғысында қоғамдық көліктерде мәдениеттілікті қалыптастыру болып табылады.

 

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Ұқсас ақпараттар

АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ

smarttop

ТАЗАЛЫҚҚА ӘРБІР АДАМ ЖАУАПТЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛУ ҚҰБЫРЛАРЫ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНА ДЕЙІН ЖАҢАРТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру