6.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 700-ДЕН АСА ЗЕЙНЕТКЕРГЕ САНАТОРЛЫҚ-ЕМДЕУ КУРОРТТАРЫНА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз жиынында мәлімдеді.

Курорт дегеніміз – климаты ыңғайлы жерге орналасқан және табиғи емдік факторлары бар емдік-профилкатикалық мекеме. Курорттарды әртүрлі комплексті емдік профилактикалық мекемелер болады. Сауықтыру демалысы бұл арнайы медициналық қарауды қажет етпейтін, дені сау тұлғалардың курорттарда дем алуы. Олар санаториилер, пансионаттар, курорттық емханалар монша орындары, лаймен емдеу орындары. Олардың ішінде бастысы санаторий болып табылады.

–Зейнеткерлердің денсаулықтарына жақсартудағы басты факторлар: Климаттардың көпшілігі аралас климаттық және лайлы- климаттық курорттар болып табылады. Шымкент қаласының географиялық жеріне байланысты теңіз жағалауы, таулы жерлерде, орманды жерлерде, орманды далада, далалы, шөл және шөлейтті жерде орналасқан курорттарымыз бар. Қалалық маслихаттың шешіміне сәйкес, биылғы жылы зейнет жасындағы азаматтарды санаторлық-емдеумен қамтамасыз ету мақсатында 9 238 ардагерлер мен зейнеткерлерді 3 санаторлық-емдеу (Ақсу-Жабағылы, Денсаулық, Айша бибі, Арыс) курорттарымен келісім шарттар түзіліп, қазіргі уақытқа дейін сегіз мыңнан аса өтініш қабылданып,курорттардың демалыс және денсаулық жақсарту мекені болғандықтан 736 зейнеткерге санаторлық-емдеу курорттарына жолдама берілді, курортқа емделуге жіберілген зейнеткерге жақсы демалыс,жақсы ем болсын, — деді басқарма басшысы.

Спикердің сөзінше, Шымкентте 84 034 зейнеткер тұрады. Оның ішінде ҰОС ардагерлері – 7, тыл еңбеккерлері – 2 514 . Ал, көп балалы аналар саны – 55 814, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 11 224.

Айта кетсек, 2022 жылы жоғарыдағы санаттағы азаматтарға мереке мен атаулы күндерге арналған бір реттік және ай сайынғы көмек көрсетіледі.

 

Ұқсас ақпараттар

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ЦИРК ҒИМАРАТЫН ЖӨНДЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

smarttop

ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТЫМ АРТЫП КЕТКЕН

smarttop

Пікір қалдыру