29.3 C
Шымкент
Суббота, 7 июня, 2025
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 10 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгінгі Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингі барысында Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы шеңберінде биылғы жылға 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланса, жыл басынан бері 10 395 азамат жұмыспен қамту шараларымен қамтылғандығы туралы айтты.Жұмыспен қамту орталығына өтінім бергендер саны көп болғандықтан шараларды ұйымдастырды. Жұмыссыз жүргендер саны 1000 санынан жоғары деген статистиканы көрсетіп тұр.

Сонымен қатар, ұлттық жоба шеңберінде 1 632 жұмыссыз азаматтар жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес білім беру ұйымдарында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына жолдануда. Аталған ақысыз оқу мерзімі 3 ай. Білім алушыларға ай сайын 20 948 теңге шамасында шәкіртақы төленеді.

– Кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша ағымдағы жылы 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант берілу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 226 азаматқа 400 АЕК көлемінде грант берілді. Ал, мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 4 819 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетіледі. Мемлекеттің тарапынан беріліп жатқан гранттық қаржы  алынғаннан кейін тексеріске түседі. Яғни арнай комиссия мүшелері тағайындалады, тексеру жүйесі жүреді. Әр белгілі бір айда тексеріп келуі мүмкіндігін айтылып ескертілді.

Бүгінгі күнге әлеуметтік жұмыс орындарына – 123, жастар практикасына – 1 295, ақылы қоғамдық жұмыстарына – 2 221, «Алғашқы жұмыс орны жобасына – 214, «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына – 6, ал «Күміс жас» жобасымен нақты – 7 адам жұмысқа орналасқан, — деді спикер.

Жыл соңына дейін 23 239 адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру көзделсе, қазіргі уақытқа дейін 5700 адам тұрақты жұмысқа орналасып отыр.

 

Ұқсас ақпараттар

ҮШ ДЕҢГЕЙЛІ ЖОЛАЙРЫҚ: БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА АШЫЛДЫ

smarttop

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА НАҚТЫ ІСТЕР

smarttop

Пікір қалдыру