0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА ОҢ ӨСІМДЕР БАР

Бүгін қала әкіміне кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының 2022 жылдың І жарты жылдығының қорытындысымен атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда: өнеркәсіп 10,1%, өңдеу өнеркәсібі 11,1%, инвестиция 19,5%, ШОБ субъектілері 26,4 %, бөлшек сауда 14,9 пайызға өскен.
Биыл өнім көлемі 856,9 млрд. теңге болады деп жоспарланған. 2022-2026 жылдар арасында 228 инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болса, соның 50-і биылғы жылдың үлесінде. Оның ішінде инвестиция көлемі 52,8 млрд теңгені құрайтын 16 өнеркәсіптік жоба бар.
Көтеріліп келе жатқан жас кәсіп олардың карантин уақытына түсіп қызмет көрсету жағдайы төмендегін ескере отырсақ, кәзіргі бизнес саласында мемлекеттен қолдау көрсетілу керектігі айтылды.
Өңірлер арасында іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес саны бойынша Шымкент алғашқы орында; ЖӨӨ ШОБ үлесі бойынша үшінші орында; ШОБ-те адам саны бойынша төртінші орында болса; ШОБ өндірілген өнім көлемі бойынша алтыншы орынға тұрақтаған.
Жекеменшік инвестиция үлесінің артуы инвестициялық штаб жұмысының тиімділігін көрсетеді. Апта сайын өтіп жатқан штаб отырыстарында инвестиция салуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін шешу үрдісі қалыптасты. Онлайн режимде өтіп жатқан жұмыс кездесулерінде бизнес өкілдері тап болатын бюрократиялық кедергілерді жою жөнінде шұғыл шешімдер қабылданып, инвестициялық жобаларды іске асыруға қажетті инфрақұрылымын жүйелерін тарту, жерге орналастыру мәселелері оңтайлы шешімін тауып жатыр.

Есепті тыңдаған қала әкімі — алдағы жылдары жоспарға қойылған жобаларды кеңінен зерделеуді, индустриалды аймақтардағы кәсіпкерлік нысандарына талдау жүргізуді, өндірістік парктердің тиімділігіне талдау жасауды, көшпелі сауда орындарын бақылауға алуды тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

ЖОЛДАУДА ҚОҒАМНЫҢ КҮТКЕН ЕҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАМТЫЛДЫ

smarttop

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАУЫП ЖАТЫР

smarttop

ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ӘЛЕМНІҢ 18 ЕЛІНЕ ТАНЫСТЫРЫЛУДА

smarttop

Пікір қалдыру