3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласының әкімі бүгінгі құрылыс нысандарын аралау барысында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірнеше көшеге барып, жұмыс барысын қадағалады.

Шымкент қаласындағы Ақжайық шағын ауданында орналасқан Ақжирен, Тайқоңыр, Сәйгүлік, Самғау, №10 Сәйгүлік жалғасы көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталмыш шағын аудан бойынша жалпы ұзындығы 2,5 шақырым жол жөнделеді. Қазіргі таңда Тайқоңыр, Сәйгүлік, Самғау, Ақжирен көшелерінде жол негіздемесі және асфальтбетон жамылғысы төселіп, аяқжол орнату жұмыстары жасалуда. №10 және Сәйгүлік көшесінің жалғасында асфальтбетон жамылғысының бірінші қабаты төселіп, екінші қабаты төсеу жұмыстары атқарылуда.

Орташа жөндеу жұмыстары 30 көшеге де жүріп жатыр. Оның ішінде Әл-Фараби ауданындағы 279,5 шақырым жолға асфальт-бетон төселген болса, 19,6 шақырымы шағал тас. Өткен жылы 5 көшеге асфальт, 13 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Бұл жылғы жоспар бойынша 16,9 шақырымды құрайтын 30 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі де, 33 көшеге шағал тас төселеді. 2023-2024 жылдарға 48 көшені асфальттауға ұсыныс берілген.

Осылайша осы жылы сапалы жолдар үлесі 88 пайызға, 2024 жылы 100 пайыздық көрсеткішке жетеді.

Шымкентте биыл жол инфрақұрылымын дамыту үшін 352 шақырым көшеде жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 283,8 шақырымын пайдалануға беру жоспарланған.

Қала әкімі М.Әйтенов құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.

1-кезеңге сәйкес Өтегенов көшесінің жалғасы “Шымкент Сити” шағын ауданынан Сырым батыр көшесі аралығын қамтиды. Кезеңнің жалпы ұзындығы 970 метр, ені — 28 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Қазіргі таңда, автомобиль жолына жер негізін жасау және тығыздау жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде.

2-кезең бойынша Өтегенов көшесі жалғасының құрылысы Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелері аралығын қамтиды. Жолдың ұзындығы — 970 шақырым, ені — 23,5 шақырым. Автомобиль жолында 4 жолақты жүріс бөлігі қарастырылған.

Айта кетейік, құрылыс жұмыстары 2021-2023 жылдар аралығына жоспарланған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ХАКІМ АБАЙДЫҢ ДАНЫШПАНДЫҚ ТҰЛҒАСЫ

smarttop

ҚАЛАНЫҢ БАРЛЫҚ LED ЭКРАНДАРЫНДА КҮНІНЕ 300 РЕТ «ТОҚТА, ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ!» ТАҚЫРЫБЫНДА БЕЙНЕРОЛИКТЕР КӨРСЕТІЛУДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ “ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — БҮГІНГІ МІНДЕТ” ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ.

smarttop

Пікір қалдыру