Биыл Әл-Фараби ауданының тұрғындары ауыз су, табиғи газ, сапалы электр желісі, интернетпен 100 пайыз қамтылады. Бұл туралы қала әкімінің есепті кездесуінде аудан басшысы Р.Мыңбаев баяндады.
Әл-Фараби ауданында 207 мың тұрғын қоныстанған. Аудандағы 15 елдімекен, яғни тұрғындар толығымен ауыз сумен қамтылған. Тек биыл Текесу тұрғын алабында су құбырын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Жыл соңына дейін аяқталады.
Ауданды сапалы электр желісімен қамту көрсеткіші де 100 пайыздық көрсеткішке жетеді. Бұл мақсатта былтырғы жылы Сәуле шағын ауданы 276 орамда басталған құрылыс жұмыстары осы жылы аяқталады.
Өткен жылы тұрғындардың табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 99,5 пайыз болса, бұл жылы толығымен қамтылады. Қазіргі таңда Ақтас-2 және Сәуле шағын ауданы 276 орамда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 87 пайызға жеткізу үшін Шолохов көшесінде және Хлопзавод көшесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 2023 жылы Түркістан және Ақжайық шағын аудандарында құрылыс басталып, Химфарм «ТҮРКІСТАН» Ш/А. 4252 ХАЛЫҚ (1052 АБОНЕНТ) «ХИМФРАМ» Ш/А.шағын ауданына кәріз жүйесін тарту үшін ЖСҚ әзірленбек.
Аудандағы 404 көшенің 124-і жарықтандырылған. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында өткен жылы 22 көше жарықтандырылған болса, бұл жылы 17 көше жоспарда тұр.
Әл-Фараби ауданын мобильді интернетпен қамту көрсеткіші 90 пайызға жеткен болса, осы жылы 100 пайыздық меже көзделген. Бұл мақсатта базалық станциялар орнатылып, нәтижесінде 195-орам, 275-276 орам тұрғындары сапалы интернетке қол жеткізеді.
Оптикалық интернет желісімен қамту мақсатында 2021 жылы шалғай орналасқан 2610 үйді қамтитын Сәуле шағын ауданына талшықты оптика желісі жүргізілді. 2022 жылы оптика желісі 195-орам, 275-276 орамға жүргізілмек. Нәтижесінде 100 пайыздық қамту көрсеткішіне жету жоспарланған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі