16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен өткен есепті кездесуінде аудан әкімі санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстарының барысы туралы баяндады.

Тазалық жұмыстарын жүргізу үшін аудан 7 секторға бөлінген. Мұнда ішкі орамдық көшелер аптасына 2 рет, 172 қоқыс жәшігі күніне 3 рет, 425 қоқыс жәшігі күніне 2 рет, көп қабатты тұрғын үй аулалары аптасына 4 рет қоқыстан тазартылады.

Көгалдандыру және жасыл желектерді күтіп ұстау мақсатында биыл 6 ай көлемінде: 1750 дана ағаш қырқылған, 11 420 ағаш әктелген, 100 413 дана гүл және 3300 ағаш отырғызылған. Жыл соңына дейін 180 мың түп гүл, 8 мың ағаш отырғызу жоспарланған.

Санитарлық тазалық жұмыстарының ішінде арық атыздарды тазалау жұмысы  басты орында.  Мегаполистегі тазалық жұмыстарының басым көпшілігін  «ЛТД Тұрмыс» ЖШС –нің еншісінде. Бір ғана   Абай ауданының өзінде негізгі деген  81 көше бар. Оның  49 зы жиі тазалауды қажет ететін иригациялық жүйемен қамтылған.

Сонымен қатар, екі айлық барысында санитарлық тазалық жұмыстарын және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан арқылы өтетін облыстық маңызы бар көлік жолы бойындағы өсіп тұрған талдарға қала әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, аудандық орман шаруашылығы мекемесі, төтенше жағдайлар бөлімі, жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау тобы, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен аудан әкімдерінің тарапынан бірлескен зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жол қозғалысына қауіп төндіріп тұрған, өсімін тоқтатқан түп талдар анықталды. Бүгінгі күнге осы талдарды кесу, бұталау жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас ақпараттар

ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРГЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 600-ГЕ ЖУЫҚ ЖАСҚА 2,5 ПАЙЫЗДЫҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

smarttop

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ҰЛЫҚТАЛЫП, РУХТЫ ОЯТАТЫН ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру