Smarttop.kz

Түркістанда алаяқтық қылмысын жасаған күдікті бойжеткен ұсталды

Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, белгісіз біреу есепшотындағы 700 000 теңге ақшасын аударып алған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, қылмыстық істі ашуға бағытталған шараларды жедел түрде жүргізді.

Орын алған қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында Төлеби АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер тыңғылықты тексеріп, куәлардан сұрастырып шықты. Нәтижесінде полицейлер күдікті ретінде бойжеткенді анықтап, оны өз үйінен ұстады. Ол жәбірленушінің танысы, жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, жәбірленуші мен күдіктіні достары үйіне қонаққа шақырған. Сол сәтте күдікті жас қыз әлеуметтік желіге кіру үшін, жәбірленушінің ұялы телефонын сұрап алған. Содан бойжеткен, жігіттің есепшотындағы ақшасын көріп, арам ойы туындап, өзіне аударып алған. Сондай-ақ күдікті жас қыз жымқырған ақшаларды бас пайдасына жаратқан. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер екі тұрғыннан 5 000 000-ға жуық ақша алып, алаяқтық жасаған күдікті әйелді ұстады

smarttop

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 6 ЕЛДІ МЕКЕН АУЗЫСУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаевтың 2022 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары бойынша есеп беру кездесуі

smarttop

Пікір қалдыру