13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЕҢБЕКТІҢ КӨЗІН ТАПҚАН

Елімізде кәсіпкерлікпен айналысуға мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолайлы жағдай жасалған. Осы ретте талай жанның арманын ақиқатқа айналдырған «Бастау Бизнес» жобасының орны ерекше. Аталған жоба соңғы жылдары халықтың бизнеске деген қызығушылығын оятып, талай жанның кәсібін өрге өрлетті.Осы жоба арқылы қаншама кәсіпкерлер кәсіп бастап, дөңгелетіп отыр. Мемлекеттік гранттың арқасында кәсіпкерлер мемлекет тарапынан қолдау және көмек алып отыр.Кәсіп бастағалы жатқан кәсіпкерлерге орта және шағын бизнеспен айналысып жатқандарға бұл жоба үлкен көмегін тигізді.
Шымкенттік Сәуле Құдайбергенова мемлекеттік гранттың арқасында өзінің шағын кәсібін бастаған. Қазіргі таңда кәсіпкер аяғы ауыр аналарға арналған жастық шығарып жатыр. Бұл – сұраныстағы зат. Тігіннен хабары бар кейіпкеріміз жүкті аналардың денсаулығына аса қажетті жастықты аз уақыттың ішінде-ақ кәсібіне айналдыра білді. Бір айта кетерлігі, Сәуле Құдайбергенова өзінің мүмкіндігінің шектеулі болғанына қарамастан еңбектің көзін тапқан жан.
– «Рахат» кондитерлік фабрикасында еңбек еттім. Соңғы алты жылдан бері денсаулығыма байланысты жұмыссыз болдым. Қарап отыруға болмайды. «Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің» «Еңбек бәрін жеңбек» «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»   деген аталы сөздеріміз бар. Осы істі тәуекелмен бастап, уақыт өте келе жемісін көре бастадым. Мемлекеттің көмегін алдым. Енді ары қарай кәсібімді дамытып, қажетті құрал-жабдықтар алсам деймін. Пайдасы жақсы болып жатса, қосымша жұмысқа адамдар қабылдау да жоспарымда бар, — дейді С. Құдайбергенова.
Тігіншіліктің бұл түріне ептілік, икемділік, ыждаһаттылық пен сабырлық керек-ақ. «Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер» демекші мүмкіншілігі шектеулі болғанына қарамастан, жантақтан ине, жаңқадан түйме жасай білген шебер Сәуленің еңбекқорлығы талайға үлгі болары сөзсіз.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУҒА ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛІП ОТЫР

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «ЫЛҒАЛДЫ БАРЬЕР» ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

smarttop

Танысын 5 миллион қарызға батырған күдікті әйел анықталды

smarttop

Пікір қалдыру