16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ЕЛІМІЗГЕ ТАНЫМАЛ ЖҰЛДЫЗДАР АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТЕДІ

Елімізде алғаш рет блогер, актер, және спорт жұлдыздарынан құралған «CENTRAL ASIA MEDIA CUP» футболдан медиа турнир өтеді. Бұл туралы Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығында өткен брифингте айтылды. Жұлдыздар арасында спорттық ойындар арқылы сыналуға  дайындық барысы басталып кетті. Шымкент қаласында өтетін турнир Қазақстан қалаларына есігін ашық деп жариялайды.Футбол спорттық ойын түрі-топты жүйеде болғандықтан жеңген топқа 3 миллион теңге бұйырмақ. Бұл медиалық турнир танымал жұлдыздардың спортқа деген бейімділігін анықтайды. Танымал жұлдыздарда өздерінің бақтарын сынап көргелі жатыр. Еліміздегі барлық танымалдылыққа ие топтардан жиналған жұлдыздардың спорт түрлеріне қандай екенін бірге көретін боламыз. Шымкент қаласында осы турнирдың финалдық ойыны көрсетілмек. Жанкүйер қауым командалар үшін қолдау көрсетуге  Шымкент қалалық спорттық кешен Қажымұқан стадионына жиналады.
Медиа турнирдің алғашқы ойыны Шымкент қаласында өтеді. Алдағы екі күнде өтетін тартысты турнирге Тараз, Алматы, Шымкент қалалары және көрші Қырғызстаннан жасақталған командалар бақ сынайды. Жеңімпаз команда 3 миллион теңге алады.
–Турнирдің мақсаты – футбол ойынын танымал жұлдыздар арқылы көрсетіп, дәріптеп, жастардың спортқа деген қызығушылығын ояту. Алғашқы ойын Тассай шағынауданындағы БИІК спорт кешенінде өтеді. Алаңда 4 команда өзара сайысып, жеңген команда финалға жолдама алады,- деді қоғам белсендісі Олжас Мамыр.
–Соңғы уақытта футбол жанкүйерлерінің саны азайып бара жатқандықтан, ойын деңгейін көтеру мақсатында жас блогерлер мен жұлдыздар таңдалды. Себебі, олардан үлгі алатын жастардың саны көп. Сол арқылы жас буынды спортқа тартуды мақсат етіп отырмыз, — «Әзіл әлемі» театрының мүшесі Арман Жанәлиев.
Айта кетейік, финалдық ойын ертең сағат 20:00-де Қажымұқан стадионында өтеді.

Ұқсас ақпараттар

АРДАГЕРЛЕРМЕН АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ

smarttop

ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ — АШЫҚ ДИАЛОГ

smarttop

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ КАСПИЙ ЖӘНЕ АРАЛ ТЕҢІЗДЕРІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ҮШІН БІРЛЕСКЕН КҮШ-ЖІГЕР ҚАЖЕТ ЕКЕНІНЕ НАЗАР АУДАРДЫ

smarttop

Пікір қалдыру