Шымкент қаласы, Қаратау ауданына қарасты Достық шағын ауданының халқы енді газдан тапшылық көрмейді.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жергілікті халықпен жүздесіп, атқарылған жұмыстарды тексерді. Бұл кездесуге қоғам белсенділері, ауыл билері мен Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов те қатысты.Ауданның жаңа деңгейге көрінуіне байланысты мәслихатта сөз қозғады. Газ мәселесі негізі тапшылыққа ие. Осы газдану мәселесі халыққа қолдануға берілгендіктен, құжаттарының дұрыстығымен тексерілді. Комуналды қызметтер арқылы келісім шартқа отыруы қажеттігін талап етеді. Абонемент ретінде енген тұрғын саны артуда. Өткен жылдары Шымкентте газ тапшылығына байланысты жаңа абоненттермен техникалық шарт жасасуға мараторий жарияланған болатын.Шымкентте газ тапшылығы мәселесі толығымен шешіліп, ішкі жүйелері жүргізілген барлық елді мекендерге газ беріле бастады. Соның ішінде бүгін Достық шағын аудандарының тұрғын үйлерінде газ қосылды.
— 2021 жылдың желтоқсан айында 46,06 шақырымға газ жүйесі тартылған болатын. Көгілдір отынмен қамтуда АГРС-3 нысанының іске қосылуын күттік. Енді міне, көптен күткен жұмыс толық аяқталып, сіздерге газ беріліп жатыр. Құжаттары дайын үйлерге газ қосылды. Енді қалғандарыңыз да күз басталмай құжаттарыңызды әзірлеп үлгеріңіздер,-деді шаһар басшысы.
Жалпы Достық шағын ауданында 2686 үй, нақты 15 750 тұрғын бар. Абонемент саны: 2 625. Мердігер мекеме «ГХ Шымкентгаз» ЖШС-гі жобаны 957,838 млн. теңгеге атқарып, жұмысты мерзімінде аяқтады.Сондай-ақ, қазір өткен жылы ішкі жүйелердің құрылысы аяқталған елді мекендерде тұрғындармен техникалық шарт жасау және оларды газға қосу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, Шымкент қаласын 2025 жылға дейін толық газдандыру жоспарланып отыр.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.