13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Түркістанның полицейлері ішкі істер органына жұмысқа тұрғызып беремін деп алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады

Қазіргі таңда облысымызда қылмыстың өршіген түрі ол — алаяқтық қылмысы. Сондықтан да облыс полицейлері қылмыстың алдын алу мен болдырмау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде.
Атап айтсақ, Сарыағаш ауданында кезекті алаяқтық жайты орын алды. Яғни Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. Оның айтуынша, танысы ішкі істер органына жұмысқа тұрғызып беретінін айтқан. Және ол үшін жұмыс ақысына 1 500 000 теңге қаражат алған. Алайда жәбірленуші күдіктіден бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Түркістан полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған жергілікті тұрғынды анықтап полиция бөліміне жеткізді.
Орта жастағы күдікті азамат жәбірленушіні алдап, ақшаны өзіне алғаны белгілі болды. Сондай-ақ полицейлер сезіктінің ешқандай жерде жұмыс жасамайтынын анықтады. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде.
Түркістан облысы полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді, яғни жұмысқа орналастырып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді.

Ұқсас ақпараттар

Адам саудасымен байланысты қылмыстардың жаңа құрамы қылмыстық жауапкершілікке тартылады

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

smarttop

«БАЛАЛАР ҰША АЛМАЙДЫ»

smarttop

Пікір қалдыру