0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

АСАР-2 ЕЛДІ МЕКЕНІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУДА

Шымкенттегі Асар-2 елді мекенін сапалы ауыз су, электр қуаты және табиғи газбен қамту құрылысы 2021 жылы аяқталып, 2700-ден астам абоненттің мәселесі шешімін тапты. Алайда, шағынауданда инфрақұрылым жобаларына енбеген мыңға жуық тұрғын үй бар.

Әлеуметтік инфрақұрылым қатысы бар,  Асар-2 елді мекенінің жұмыстары қарқынды түрде жұмысқа асуда.Әлеуметтік инфрақұрылым – материалдық игіліктерді ұдайы өндіру (қызметтер көрсету) үдерісін және халықтың қалыпты тұрмыс жағдайын қамтамасыз ететін салалар тобы. Оған тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды салу және пайдалану, бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, денсаулық сақтау, білім беру, т.б. жатады. Әлеуметтік инфрақұрылым материалдық игіліктерді тікелей жасамайды. Бірақ онсыз өндірістік үдеріс не жетілдірілмеген болады, не мүлде мүмкін емес. Әлеуметтік инфрақұрылым өзінше бір жүйелік түзілім ретінде материалдық-тұрмыстық, әлеуметтік-сауықтыру, рухани-білім беру, коммуникациялық және әлеуметтік-экономикалық жүйе тармақтарынан құралады. Материалдық-тұрмыстық тармақты жүйеге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық және сауда қызметін көрсету, қоғамдық тамақтандыру жатады. Бұл тармақты жүйе негізінен халықтың материалдық-тұрмыстық және табиғи физиологиялық қажеттерін қанағаттандырады. Әлеуметтік-сауықтыру тармақты жүйесі денсаулық сақтау мекемелерін, спорт ғимараттарын, туристік ұйымдарды қамтиды.
Жыл соңына дейін қалған аумақтарды ауыз сумен қамту құрылысының ІІ кезеңі аяқталады. Қазіргі уақытта ішкі орам жүйелеріне құбыр тартылуда.
Сондай-ақ, аталған елді мекенде табиғи газбен қамту жұмысы жүргізілуде. Қазіргі кезде құрылыстың 40%-ға жуығы аяқталды. Жоспар бойынша пайдалануға 2023 жылы берілмек.
Бұдан бөлек, Асар-2 елді мекенінде кәріз құрылысы қарқын алуда. Ішкі орамдық кәріз құбырының жалпы ұзындығы 39,6 шқ құрайды. Бүгінде оның 60%-дан астамы орнатылды. Нысан келесі жылы қолданысқа беріледі.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Шымкенттік полицейлер волейбол жарысынан бірінші орын иеленді

smarttop

ШЫМКЕНТ: КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІКТЕГІ ҮШ КӘСІПОРЫН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫНАН АЛЫНЫП ТАСТАЛҒАН

smarttop

ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ: ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ 35%-ҒА ДАЙЫН

smarttop

Пікір қалдыру