9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

МӘРТӨБЕЛІКТЕР ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІ ҚОЛДАЙДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы Мәртөбе тұрғын алабындағы жергілікті тұрғындармен кездесу өтті. Кездесуге қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Қаратау ауданы әкімдігінің жауапты қызметкерлері, ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты. Осы қағиданы іске асыру жолының бір тетігі – саяси сайлау дербес ұлттық рухы, мәдениеті, тарихы, санасы дамып жетілген өркениетті ұлт есебінде жалпы адамзаттың ұлы көшіне ілесіп, басқа мемлекеттермен терезесі тең мемлекет ретінде иық тірестіре алатындығымызды тағы бір мәрте көрсететін саяси қатысудың демократиялық үлгісі.
Кез келген саяси-экономикалық, қоғамдық-әлеуметтік үрдістерге уақыт өзінің өзгертулері мен түзетулерін әрдайым енгізіп отыратындығы сөзсіз. Бұл саяси қатысуға, яғни сайлауға деген қызығушылыққа да қатысты. Себебі, сайлау қоғамдағы өзгерістердің өлшеушісі, «индикаторы» екіндігі сөзсіз.
Сайлауға қатысу арқылы азаматтар заңды жолдар арқылы елдегі өзгерістердің, яғни өзінің болашағының қандай бағытта дамыйтындығын анықтай алады. Сәйкесінше әр елде заңнамалық ерекшеліктеріне сәйкес саяси қатысудың ерешелері мен заңдық шеңберлері айқын анықталған.
Бүгінгі таңда азаматтардың заң шеңберінде өз пікірлерін жеткізе алуы демократияның басты өзегі болып табылады. Сол себепті де, демократияға бет бұрған мемлекеттердің басты мақсаттарының бірі азаматтардың саяси өмірге қатысу тетіктерінің заңды жолдарын құрып, оны қамтамасыз ету болып отыр.

Кездесу мақсаты – жергілікті тұрғындарға, жастар өкілдеріне қоғамдық келісімді сақтау, этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын нығайту, құқықтық тәрбие мен жастар арасында әскери міндеттілікті өтеу мәселелерін түсіндіру болды.

Ұқсас ақпараттар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТАНЫМАЛ ӨНЕР ЖҰЛДЫЗДАРЫ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫ ЭКОАКЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

smarttop

Профилактика пищевых отравлений в праздничные дни

smarttop

Дәурен Жүрсінбаев: «Бір сөзбен айтқанда біздің қызметкерлер – әмбебап полицейлер.»

smarttop

Пікір қалдыру