13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫ БІР БАҒЫТТЫ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ТАМЫЗДЫҢ 31 КҮНІ АШЫЛАДЫ

Өздеріңізге белгілі, Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес қазіргі таңда Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында аяқталуы 2023 жылдың соңына дейін жоспарланған жолайрық құрылысы жүргізілуде.
Көлік кептелісін азайту мақсатында Бәйдібек би даңғылының бойымен бір бағыттағы жол солтүстікке қарай уақытша ашылатынын хабарлаймыз.
Соңғы жылдары бас қаламызда көлік нөпірі көбейіп, тұрғындардың діттеген жеріне уақытында жетуі мұңға айналды. Таңғы және кешкі қарбалас уақытқа түссең болды, бір-екі аялдаманың өзі біраз уақытқа созылады. Бұл проблеманы шешу үшін біраз ұсыныс қаралып, талқыдан өтті. Соңында мамандар біржақты жол қозғалысын қолға алып, жүзеге асырды. Рас, бастапқыда қала тұрғындары ыңғайлы болғанмен, бұл жобаның тиімділігі көп ұзамай өз нәтижесін бере бастады. Жүргізушілер үшін қиындықтың бәрі бастапқы уақытында кездеседі. Мәселен, көздеген жеріне бару үшін бірнеше көшені айналып баруына тура келсе, жаңадан ілінген белгілерді көлік иелері бірден байқамай, жол ережесін бұзуы әбден мүмкін. Соның салдарынан қарсы бағытқа шығып, апатқа ұшырайтын жайттар да кездесіп жатады.Дегенмен бұл проблеманың бәрі уақытша ғана екенін айта кеткен жөн.Қазақстан жол ғылыми-зерттеу инс­титуты жол құрылысы сапасын зерт­тейтін ұлттық орталықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Ор­та­­лықпен бірігіп жол саласына ғы­лыми-зерттеулер жүргізіп, сапаны жоға­рылатуға, алған нәтижелер бо­йынша стандарттар жасап, норма­лық құжаттарға тиісті нәтижелер енгізу­ге үлесімізді қосып келуін жеткізді.
Жұмыс кезеңдеріне сәйкес, көлік кептелісін жеңілдету мақсатында, құрылыс жұмыстарымен ыңғайластыра отырып жолайырықтан өту мүмкіндіктерін қарастырып, алдын ала хабарлап отыратын боламыз.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеміз.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: «ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТУДЕ

smarttop

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАН

smarttop

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІС ПЕН СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру