Тілсіз жау, алапат өрт алған аумақтағы Қостанай тұрғындарына күтпеген жерден қасірет әкелді. Жұрт баспаналарынан айырылды, көк орай орманды өрт шалды. Осындай қиын кезде барша қазақстандықтардың қабырғасы қайысып, ежелгі жомарт пейілінен айнымай, қолдағы барын беріп, ыстық ықыластарын білдіруде.Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен территорияға таралып кетеді. Ыстық ауа райы кездерінде, егер жауын-шашын болмаса ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Ең өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы, жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар т.б. жатады. Құрғақ құмды топырақты жерлердегі ағаштарға өрт ең жиі әрі тез таралады, бірақ оларды өшіру оңайырақ келеді. Қылқан жапырақты ормандардағы түскен жапырақтар, бұталар және құрғақ шөптер қауіпті өрт тудырады. Олар үлкен зардап шектіреді.Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.
Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.
Шымкенттіктер де қайырымдылық көрсетуден шет қалмай, жұдырықтай жұмылды. Тосын оқиға басталғалы Шымкенттің көптеген ұжымдары, кәсіпкерлер, қарапайым тұрғындар барыншы атсалысып, зардап шеккендерге қол ұшын созып жатыр. Солардың бірі Шымкент қаласындағы өзбек этномәдени орталығының Еңбекші аудандық филиалы да бей-жай қалған жоқ. Филиал төрағасы Т.Нишанбаевтың ұйымдастыруымен қостанайлықтарға азық-түлік пен құрылысқа қажетті материалдар тиелген екі көлік жөнелтілді.
Көптің ісі қашанда берекелі болған ғой Қандай қиын жағдайда болсын бірліктің жеңбейтіні жоқ. Алдағы күндері қостанайлықтар бүгінгі күні көрген қиындықтарын ұмытып, ертеңгі күнге деген сенімдерін нығайтары сөзсіз.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы