16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ОТБАСЫЛЫҚ СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТЕДІ

Шымкентте Отбасы күніне орай салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «FITNESS PARK KZ» жобасы аясында отбасылық спорттық жарыс басталады.
Ондағы негізгі мақсат- жастардың дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын ояту, достық сезімін тәрбиелеу, балалар мен олардың ата-аналарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.  спорттық жарыс — қатысушы жақтардың өз қайрат-жігері, өнері, білімі, айла-тәсілі, тәжірибесі, шеберлігімен бір-бірінен басым түсуге бағытталған еңбек, ойын тәрізді іс-әрекеті. Жарыстың спорттық түрі адамды күш-қуат жағынан жан-жақты жетілдіруді көздейтін педагогигалық тәрбиенің құрамдас бөлігі болып табылады. Жарыс адамның ынта-ықылас, құмарлық-құштарлық түйсігіне әсер ететіндіктен, қатысушылардың күш-жігерін, жылдамдық, қайсарлық, төзімділік, жеңіске ұмтылушылық, өзі туып-өскен елі мен жеріне деген отансүйгіштік қасиеттерін шыңдап, қалыптастырады.
Жарысты өткізуге Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі басқармасының қолдауымен «Қуатты Ел» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болып отыр.
Жарыс шарттары бойынша отбасында құрамы 4 адамнан (әкесі, анасы және 2 баласы) тұратын – 25 жастан жоғары 10 отбасылық командалар қатыса алады. Ал қатысушы балалардың жасы 9 — 17 жас аралығында болу керек. Сондай-ақ, қатысушылардың спорттық үлгідегі киімі болуы тиіс.
Отбасылық спорттық жарыс Шымкент қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында 10 қыркүйекте өтеді. Жарысқа қатысқан жеңімпаздарға :
I орын — 100 000 теңге және жеңімпаз дипломы;
II орын — 70 000 теңге және жеңімпаз дипломы;
III орын — 50 000 теңге және жеңімпаз дипломы тағайындалған.
Жалпы жарысқа қатысқан командалар жүлдесіз қалмайды. Оларға ынталандыру сыйлықтары, алғыс хаттар және гүл шоқтары тапсырылады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Ұқсас ақпараттар

ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕГІЛЕР ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРҒА ҚАТЫСА АЛАДЫ

smarttop

ӘЛЕМДІК ОЛИМПИАДА ЖЕТІСТІГІ КЕЗДЕЙСОҚ ЕМЕС

smarttop

Тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша үнпарақтар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді

smarttop

Пікір қалдыру