16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЖАСТАР ЖОЛДАУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕСТІ, САЙЫСТЫ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау аясында Оңтүстік Қазақстан Педогогикалық Университетінің «Коворкинг» орталығында студенттердің қатысуымен «Жаңа Қазақстан жастары» атты пікірсайысы өтті. Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық.Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі — жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады. Мемлекет жастардың білім алу мәселесіне қатысты, олардың бәсекеге қабілеттілігін аса маңызды міндет қылып отыр.Осы арқылы Қазақстанды болашақта шикізат өндіруші емес, ақыл-ойдан туындайтын өнім өндіретін елге айналдырамыз деген бағдар бар, сондықтан да бұл салаға басым назар аударылуда. Қазіргі таңдағы кезең –бұл ақпараттар, жетік технологиялар мен инновациялар заманы. Сәйкесінше, бүкіл өркениет осыған бейімделіп, инновациялық жаңашылдықтарға толы қоғам қалыптасып келеді.

Мақсаты- мемлекет басшысының жолдауындағы жастарға қатысты айтылған бірнеше бағыт-бағдарларды жастарға насихаттау. Жаңа, Әділетті Қазақстанды бірге құруға шақыру.

Пікірсайыста модератор Бектас Тұрдыбаев, ОҚМПУ Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Тасболат Бекдаулет және Жастар ресурстық орталығының маманы Қайыржан Бөгенбай төрешілік жасады.

Кездесуде М.Әуезов атындағы ОҚУ Оппозиция жағында, ал ОҚМПУ Үкімет жағында өзара сайысқа түсті. Жастар саясатының өзекті тақырыптары және жас қызметкерлердің имиджін жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланды. Сонымен қатар, Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолы аясында Жолдауға қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Ұқсас ақпараттар

Жүргізуші өмір бойы көлік басқару құқығынан және 1 жылға бас бостандығынан айырылды

smarttop

ҚЫЗЫЛЖАРДАҒЫ ЖАҢА ҚҰРЫЛЫСТЫҢ БАС АЛУЫ

smarttop

ОҢ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ҚОРТЫНДЫСЫ

smarttop

Пікір қалдыру