1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

“ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ” ЖОБАСЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында, тұрғындар ұсынысымен өткен жылы 41 көпқабатты үй ауласы абаттандырылып, ойын алаңшалары құрылды.
Биыл ІІ кезеңмен 73 көпқабатты және жеке сектор бойынша 6 мекенжай абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы тұрғызылуда.  Шағын ауданындағы бұл тұрғын үйлердің көбі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде сатып алу құқығынсыз жалға берілген. Сондықтан көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік әлсіз топтар қоныстанған. Тұрғындарға саябақ салынады деп уәде етілген жер телімінде құрылыс қайта басталды. Себебі бұған дейін тұрғын үй салғысы келген мердігердің ісі заңсыз деп танылып, тоқтатылған еді.  Балалардың ойын алаңын жөндеуден өткізіп, серуендеуге саябақ сұрап жүргендер жер сипап қалды. Араға жыл салып, құрылыс техникаларын сайлап, қайта келген мердігер компания енді шындап кірісіпті. Аумақты қоршап, күзетті де күшейткен.

Бүгінгі таңда мердігерлер жер жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алайда нұрсәттік тұрғындар құрылыс материалдарының сапасына көңілдері толмайтындығын әлеуметтік желі арқылы жеткізген болатын. Ал өз қаражаттарын құрылысқа салған инвесторлар ең бірінші кезекте сапаға мән беретіндіктерін айтып ақталды. Олар «Құрылыс материалдарымыздың сертификаты бар және кепілдігіміз тағы бар» деп отыр.

Естеріңізге салар болсақ, мемілекетік – жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында Еңбекші ауданындағы көпқабатты үй аулаларында құрылыс жүргізілген болатын. Енді осы бағдарламаны Абай және Әл Фараби ауданы жалғастырады.

Жобаға енген «Базарқақпа» тұрғын алабы, Ю.Сареми көшесінде орналасқан 7 көпқабатты үйдің ауласындағы жұмыстар барысымен танысуға М.Әйтенов арнайы барып, тұрғындармен кездесті.
Абаттандыру жұмыстарымен қоса балалар ойын және тренажер алаңшасы салынатын аула жұмыстары қараша айының соңына дейін толық аяқталатын болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ЖАСЫРЫН ЦЕХТАР ЖОЙЫЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ТАЙЛАНД КОРОЛЬДІГІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ЖОЮ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру