4.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАР ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАР МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНЕ ӨЗІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОЛТАҢБАСЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛАДЫ

Үш айда 2723 адам оңалту шараларымен қамтылды.Арнаулы әлеуметтік қызметтер әлеуметтік салада психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедек балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жалғызілікті І-ІІ топтағы мүгедектер мен қарттарға стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету жағдайында мемлекеттік мекемелерге альтернатив ретінде үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Осы бағытта басқармаға қарасты 11 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтар бар, орталықтарда 1030 қызметкерлер қызмет көрсетеді.
Орталықтардың 2023 жылға жоспарланған қаржысы – 4 258,8 млрд.теңге, 24,8% игерілді. Есепті 3 ай кезеңге 2723 адам оңалту шараларымен қамтылды.
Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы мүгедектігі бар азаматтарға қолдау шараларын көрсету үшін бюджеттен – 7,3 млрд.теңге қарастырылған.
Жыл басынан мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізілді.
Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, әлеуметтік такси қызметі 2023 жылдан бастап ай сайын 5 АЕК немесе 17 250 теңгеден есеп шоттарына аударылуда.
Әлеуметтік портал мен ЭЦК-мен жұмыс жасау үшін мүгедектігі бар азаматтарға басқарма ғиматарында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштамасы ұйымдастырылған және Басқарма қызметкерлерімен әрбір адамға жеке-жеке көмек берілуде.

Ұқсас ақпараттар

КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКА

smarttop

МЕГАПОЛИСТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІТІЛДІ

smarttop

Шетел азаматын ұрып-соғып жеке куәлігін тартып алған жас жігіт ұсталды

smarttop

Пікір қалдыру