8.3 C
Шымкент
Среда, 27 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ХАЛЫҚТЫҢ ТҰТЫНУШЫ РЕТІНДЕ САУАТТЫЛЫҒЫ АРТУДА

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Б.Салхожаев департаментінің 8 айда атқарылған жұмыстары туралы баяндады.
«Қазіргі уақытта тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары жалғасуда, келіп түскен арыз-шағымдар бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2022 жылдың 8 айында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіне тұтынушылардан 1205 шағым түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 245%-ға артық. Яғни, халықтың ьұтынушы ретінде сауаттылығы артып келеді. Біз ақпараттандыру бағытындағы жұмысымызды одан әрі қарай жалғастыратын боламыз.», — деді спикер.
Департаментке келіп түскен жалпы 1205 өтінішті салалар бойынша қарағанда:
 бөлшек сауда – 438;
 электрондық коммерция – 136;
 көлік қызметі – 134;
 қоғамдық тамақтандыру – 101;
 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 87;
 тұрмыстық қызмет көрсету – 74;
 байланыс қызметтері – 68;
 медициналық қызметтер – 50;
 туристік қызмет көрсету – 47;
 қаржылық қызметтер – 41;
 білім беру қызметтері – 27;
 және жоғарыда аталған санаттарға кірмейтін шағымдар – 2 .
Бүгінде Департамент мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, өтініштерді қарау сапасын арттыру және талап-арыз жұмыстарын жүргізу арқылы тиімділікті арттыруда. Ағымдағы жылдың 8 айында Департамент 10 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 90% құрады. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері 336,9 мың теңге айыппұл түрінде 4 әкімшілік жауапкершілікке тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға өскен, сондай-ақ 6 кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік жауапкершілікке тартылып –ескерту берілген.
Сондай-ақ, Сауда және интеграция министрлігінің Цифрландыру департаментімен бірлесіп «Е-Тұтынушы» ақпараттық жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Осы жылы техникалық қателерді жою және әзірлеушілердің бірыңғай ақпараттық жүйесін жақсарту мақсатында келесідей жұмыстар жүргізілді:
Мәліметтерді ескі платформадан жаңа платформасына толық көшіру (пайдаланушылар, өтініштер), сотқа дейінгі реттеу мақсатында жеке кәсіпкерлерге өтініштер жіберуге жаңашылдық енгізілді, Тұтынушыны тіркеу кезінде биометрикалық тексеру ыңғайсыздыққа байланысты алынып тасталды, Бизнес өкілдеріне қосымша жүйеде еркін тіркелуге мүмкіндік беретін Бірыңғай QR кодымен (ұйымның БСН бизнестің жеке аккаунттан қосылған) өтінімдерді үздіксіз беру мәселесі анықталуда.
Спикер өз сөзінде, өкінішке орай қаламызда бизнес қауымдастық арасында әлі де болса тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңына белгілі дәрежеде көңіл бөлмейтін және қарапайым тұтынушылардың құқықтарын өрескел бұзатын кәсіпкерлердің бар екендігінде айтты. Солардың ішінде Астер Авто, Каз Авто Компании автосалондары, Ротанг гроуп жиһаз жасау өнеркәсібі, СКАТ әуе компаниясы сияқты кәсіпкерлер субъектісі бар.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Ұқсас ақпараттар

«БИЗНЕС БАСТАУ» ЖОБАСЫМЕН КӘСІП АШҚАН «ҚАРА БАТЫРДЫҢ» ЫДЫСТАРЫНА ШЕТЕЛДЕН СҰРАНЫС КӨП

smarttop

Полицейлер рейдтік шара кезінде мал ұрлап бара жатқан күдіктіні ұстады

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру