20.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

«ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «МЕТАЛЛУРГ» СТАДИОНЫН РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ» ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ

Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған, 2023 жылға өтпелі. Конкурстық құны: 3 813 512,0 мың теңге. 2022 жылға 1 793 128,0 мың теңге бөлініп, оның 1 741 740,0 мың теңгесі игерілді. 2023 жылға 293 311.0 мың теңге қарастырылған. (Мердігер: «Югстройсервис-Н» ЖШС)

Қазіргі уақытта, спортшылар үйінің құрылысы                     100 % аяқталды. Ал ойын түрлеріне арналған үлкен спорт залдың қаңқасы (конструкциясы) тұрғызылып, қабырғаларын қалау жұмыстары жүргізілуде (50 %). Әкімшілік ғимараттың құрылыс жұмыстары 90 %-ға орындалып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. 1504 орынға арналған көрермендер трубинасының құрылыс жұмыстары 80%-ға (әрлеу, шатырын жабу, орындықтарды орнату жұмыстары) орындалды. Футбол алаңының жер жұмыстары (дренаж жұмыстары-70%) орындалды. Жылу жүйесін тарту жұмыстары 50%-ға орындалды.

«Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында №12 спорт мектебінің қосымша корпусын салу» құрылыс жұмыстарына тоқталсақ, құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған, 2023 жылға өтпелі. Конкурстық құны: 937 827,0 мың теңге. 2022 жылға 705 816,0 мың теңге бөлініп, оның 396 276,0 мың теңгесі игерілді. (Мердігер: «Қазойлсервис» ЖШС)

Қазіргі уақытта, нысанның құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ: жер төле қабырғасы 100 %-ға аяқталды. Ал үлкен спорт залдың қаңқасы көтеріліп, моналиттік регилдері мен бетон калонналары құйылуда (60 %). Инженерлік жүйелері құрылысы 70 % (су, электр т.б.), модульды жылу қазандық корпусы 100 % орындалды. Ішкі әрлеу жұмыстары 55% ға (сылақ, бояу жұмыстары) орындалды.«Шымкент қаласы Бозарық-3 шағын ауданындағы қалалық №20 спорт мектебінің спорт ғимаратының құрылысы»бойынша қ ұрылыс жұмыстары 2022 жылдың наурыз айында басталды. (Мердігер: «Oser-A Group» ЖШС) Құрылыстың конкурстық құны: 673 440,0 мың теңгені құрайды. 2022 жылға құрылыс монтаж жұмыстарына 100 000,0 мың теңге бөлініп, 95 822,0 мың теңге игерілді. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі. Қазіргі уақытта, жер жұмыстары, ірге тасын құю жұмыстары, 1 қабат қабырғаларын кірпішпен өру жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі уақытта, 2 қабат қабырғаларын кірпішпен қалау жұмыстары (40% аяқталды) жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

smarttop

ЖАҢА КӘСІПОРЫН АШЫЛАДЫ

smarttop

«КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫ» ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру