18.2 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

САМАЛ-3 ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

Шымкент қаласының шағын аудандарында туындайтын түйткілді мәселелер шешімін табуда. Соның ішінде, жол мәселесі тұрақты назарда болып, ішкі орам көшелер кезең-кезеңімен асфальттанып жатыр.
Бүгінгі таңда Абай ауданы аумағындағы Самал-3 шағын ауданының бірқатар көшелері орташа жөндеуден өтті.
Жөндеуден өткен Момышұлы, Құрманғазы, Қайсенов, Өскенбай және № 1,2,3,4 (тұйық) көшелерінің жалпы ұзындығы 2,06 шақырымды құрайды. Шағын ауданның көшелерінде тегістеу, нығыздау жұмыстары жүргізіліп, қалыңдығы 10 см құрайтын асфальт төселді.
Қаламыздың ішкі орам көшелерін орташа жөндеуден өткізу ағымдағы жылы басты назарда. Басқарманың мәліметінше, бекітілген жоспарға сәйкес 308 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Ұқсас ақпараттар

ӘКІМ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТИІСТІ САЛА МАМАНДАРЫНА ҚАРАСТЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

smarttop

Қарбыз алуға шыққан жүргізушінің ақшасын жымқырып кеткен ер адам ұсталды

smarttop

ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП ЕНДІ БОЛМАЙДЫ

smarttop

Пікір қалдыру