Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖАҢАРТУ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Қуатжылуорталық-3» МКК-мен бірлесіп, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау саласындағы инвестициялық бағдарламаның орындалу барысымен танысу мақсатында баспасөз турын ұйымдастырды.
«Қуатжылуорталық-3» МКК Шымкент қаласындағы жылу жүйелерінің 100%-ына қызмет көрсетеді, жылу энергиясын өндіруші, беруші және жабдықтаушы болып табылады. Қазіргі уақытта қалада 2 306 көпқабатты тұрғын үй, 287 бюджеттік мекеме (мектептер, балабақшалар, ауруханалар) және 248 заңды тұлға жылумен қамтамасыз етілген.
Жылу жүйелерінің жалпы ұзындығы 880,542 шақырымды құрайды, оның 823,842 шақырымы «Қуатжылуорталық-3» МКК-ның балансында, ал 56,7 шақырымы «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне тиесілі.
Бұл баспасөз туры Шымкент қаласындағы жылу жүйелерін жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысуға және олардың маңыздылығын атап өтуге бағытталған.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ:МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР МЕН КӘСІПКЕРЛІККЕ ОҚЫТУ КУРСТАРЫ АҚЫСЫЗ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ

smarttop

ДАРЫНДЫЛАРҒА ЖОЛ АШҚАН БАҒДАРЛАМА

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТІРКЕЛГЕН БАСҚАРУ ОБЪЕКТІЛЕРІ 100%-ДЫ ҚҰРАЙДЫ

smarttop

Пікір қалдыру